Мемлекетке құны 1 миллиард теңгеден асатын жер телімі қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекетке құны 1 миллиард теңгеден асатын жер телімі қайтарылды Фото:depositphotos.com

Қорғаныс мақсатындағы құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.


Қорғаныс мақсатындағы құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Бас әскери прокуратураның хабарлауынша, Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы қадағалау шаралары барысында Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің біріне тиесілі, жалпы аумағы 87 гектардан асатын жер учаскесінің 1999 жылы заңсыз түрде жеке меншік құрылымдарға берілгенін және кейіннен бірнеше мәрте қайта сатылғанын анықтаған.

"Гарнизон прокуратурасы әскери бөліммен бірлесіп, сот тәртібімен сатып алу-сату шарттарының жарамсыз деп танылуын қамтамасыз етті. Нәтижесінде құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, әскери ведомствоның балансына берілді", - делінген қадағалау органының хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда құны 17 миллиард теңге болатын жерлер мемлекетке қайтарылғаны хабарланған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.23   566.33   6.71 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +27
Ақтау +27
Ақтөбе +30
Атырау +32
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +32
П
Павлодар +29
Петропавл +30
С
Семей +32
Т
Талдықорған +30
Тараз +33
Түркістан +23
О
Орал +29
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер