15 қазан 2019 10:04

Мемлекетке опасыздық жасаған ғалым Қазақстан азаматтығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Константин Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Мұндай мәліметті Алматы қалалық соты растады. 


Константин Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Мұндай мәліметті Алматы қалалық соты растады. 

Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотымен 1956 жылғы Сыроежкин Константин Львович "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды. Сондай-ақ, сот оны Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырды", - делінген ресми хабарламада. 

Ол қауіпсіздігі максималды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейтін болады. 

"Негізгі жаза мерзімін өтеп болған соң, ҚР Қылмыстық кодексінің 51-бабына сәйкес Константин Сыроежкин Қазақстан Республикасы аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылады және ол ел аумағына 5 жыл бойында кіре алмайды", - деді сот өкілдері. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Айта кетейік, Константин Сыроежкин 2019 жылы ақпанда қамауға алынған. 

Ашық дереккөздер бойынша, Константин Сыроежкин - тарих ғылымдарының кандидаты және саяси ғылымдарының докторы. 1995-2000 жылдары Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары қызметін атқарды. 1997 жылы Kazakhstan ақпараттық-талдау орталығының "Қытай, Орталық, Оңтүстік-Шығыс Азия" бағдарламасын үйлестірген. 

2003-2006 жылдары талдау орталығын басқарды және инвестициялардың тиімділігін зерттеу жөніндегі агенттіктің жетекші сарапшысы болды. 2006 жылдан бастап Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети