Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Мемлекеттік кірістер комитеті WhatsApp арқылы арыз қабылдай бастады

11 Шілде 2015, 17:13
0
© Аfterdawn.com
© Аfterdawn.com

Қазақстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық сфераға қатысты шағымдарды WhatsApp мессенджері арқылы қабылдай бастады,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин Twitter микроблогында жазды. "Whatsapp мессенджерінде  +77001020202 номеріне экономикалық сферадағы заң бұзушылықтарға қатысты фото, видео жіберулеріңізге болады. Әр деректі жеке қарайтын боламыз", - деді ол.

Еске сала кетейік, WhatsApp мессенджері арқылы тәулік бойы арыз қабылдауды Алматы облысы ІІД де қолға алған болатын. Бір ай ішінде полицияға 276 хабарлама келіп түсті. Олардың көбі жол қозғалыс ережесінің бұзылуына қатысты. 

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облыстық департаменті де WhatsApp арқылы арыз қабылдайтындарын хабарлады. Олар арызбен қатар қойылған сауалдарға да жауап берілетінін айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай