Мемлекеттік құпияны ашқаны үшін қанша қазақстандық сотталды?

08 Ақпан 2017, 19:44
0
Мемлекеттік құпияны ашқаны үшін қанша қазақстандық сотталды? - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Соңғы төрт жылда Қазақстанда 16 адам мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін сотталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті "Мемлекеттік құпияны заңсыз жинау, тарату, жария ету" бойынша (ҚР ҚК 185-бабы, 2014 жылы түзетулер енгізілген) сотталған тұлғалар туралы мәлімет берді.

Комитет мәліметі бойынша, елімізде 2013-16 жылдар аралығы осы бап бойынша 16 қазақстандық сотталды, 2013 жылы 3 адам, 2014 жылы 1 адам, 2015 жылы 5 адам және 2016 жылы 7 адам. Соталғандар арасында бір әйел адам бар, ол 2014 жылы шартты жаза алды. 

"Жеке мәліметтер және оларды қорғау" туралы заң бойынша тұлғалар туралы және істің мән-жайы жарияланбайтынын атап өтті ведомство өкілдері.

Еске салайық, биыл қаңтарда ҚР ҰҚК бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев және ҚР Президент Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевтың ұсталғаны хабарланған. Олар мемлекеттің құпияны жария етті деген күдікке ілінді. 

Бағлан Майлыбаев 2017 жылдың 12 қаңтарында қызметінен босатылған болатын. Ол Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінде 2011 жылдың қазанынан бері істеп келген. 

Нартай Дүтбаев 2001 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың ақпанына дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай