09 наурыз 2023 11:25

Мемлекеттік қызметкерлерді басқа өңірлерге жұмыс істеуге жібермек

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерді басқа аймақтарға жұмысқа жіберу жоспарланып отыр. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерді басқа аймақтарға жұмысқа жіберу жоспарланып отыр. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат "Кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды бірінші оқылымда қабылдады.

"Осы Заң жобасы аясында мемлекеттік қызметшілерді кадрлық ротациялау мәселелері көтеріліп жатыр. Біз орталық пен аймақтар арасындағы ротацияны қамтамасыз етуіміз керек. Қазір мемлекеттік аппаратта жұмыс істейтін адамдардың көп жағдайда өңірлерде жұмыс өтілі жоқ, сондықтан министрліктерде қабылданатын барлық шешімдер шеңберінде өңірлердегі қалыптасқан жағдайларды ескеру қажет болады", - деді Әшімбаев.

Сенат Төрағасы Мемлекет орталық пен өңірлер арасындағы ротацияны қамтамасыз етуі қажет екенін атап өтті.

"Ротацияның осы тетігінде қолданған тәжірибе арқылы батыстағы қызметкерлер шығысқа немесе оңтүстіктен солтүстікке қарай жұмыс істей алатындай аймақтар арасында қарым-қатынас орнату қажет. Бәлкім, адамның өзі туған өңірде жұмыс істеуі үшін мұндай жағдайлар жоқ шығар, бірақ бұл біздің мемлекетіміздің біртұтас жүйе ретінде дамуын қамтамасыз етеді", - деді Әшімбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети