Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Мені террористер тізіміне қате қосқаннан кейін анамның екі көзі су қараңғы болып қалды - тұрғын

05 Қыркүйек 2016, 17:57
0
© kerek-info.kz
© kerek-info.kz

Ақтөбедегі теракт кезінде күдіктілер қатарына қате ілінген ағалы-інілі Самат пен Санат Қожаниязовтар облыстық ішкі істер департаментін сотқа берді. Олар құқық қорғау органдарының өздерін ақтап, моральдық шығын төлегендерін талап етіп отыр, - деп хабарлайды өңірдегі Керек.Info сайты. 

Мұғалжар ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны күдіктілер тізіміне кездейсоқ іліккеннен бері інісімен екеуі азап шеккендігін айтады. Айтуынша, іздеуде жүрген лаңкестердің қатарында болғандықтан, екі көзі бірдей көруден қалған анасын емдету үшін шетелге де шыға алмай отыр екен.

"Осы оқиғаға дейін 64 жастағы анамның денсаулығы жақсы еді. Мені жазықсыз "террористер тізіміне" қосқаннан кейін екі көзі су қараңғы болып, көрмей қалды. Емдету үшін Үфіге апаруым керек еді. Алайда күдіктілер тізімінде болғандықтан, бара алмадым. Амалсыз, анаммен бірге құдағиымды ертіп жібердім. Енді Қытайға апаруым керек. Бірақ, іздеуде жүргендіктен мені тағы да шекарадан өткізбеуі мүмкін. Бұл отбасымыз үшін ауыр қайғы. Жақында қызым Ақтөбеге жеке куәлік алу үшін суретке түсуге барған. Полицейлер "Әкең құтылды ма?" деп сұрайтын көрінеді. Бұл қызым үшін қаншама соққы. Балам Көкшетауда әскери борышын өтеп жатыр. Оның тағдыры не болады?", - деп күйінеді Самат Қожаниязов.

Өзін лаңкестер тізімінен көрген Самат Қожаниязовтың інісі мен жұбайы облыстық ІІД-не келген. Құқық қорғаушылардан кешірім сұрауын талап етіпті. Алайда полицейлерден екі айдан бері хабар алмаған ер адам сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

"Екі ай күттім. Бірде-бір хабарласқан жоқ, келмеді де. Мен қарапайым адаммын. Мемлекетке, заңға бағынамын. Келіп, кешірім сұраса, қателіктерін мойындаса, істі сотқа жеткізбеймін деп ойлаған едім. 41 жастағы інім Санат та "Нұр Ақтөбедегі" атыс кезінде қайтыс болғандардың тізімінде жүр. Жақында ол әкемізге тиесілі дивидентті алу үшін Ақтөбедегі Қазпоштаға барған. Олар "Сендер террористер тізімінде жүрсіңдер. Анықтама алу үшін Астанаға сұраныс жібереміз, күтіңдер" деп қайтарып жіберіпті. Қате кеткен шығар. Алматыда да жағдай ушығып кетті. Бәрі тынышталсын дедім. Бірақ, шыдамның да шегі бар. Қанша күтуге болады?! Жазықсыз айыптаудан кейін жүрегім көтеріледі. Тек дәрімен жүремін. Олардың қолыма менің террористерге қатысым жоқтығын анықтайтын жазбаша анықтама беруін талап етемін", - дейді шағымданушы.

Бұдан бөлек Самат пен Санат Қожаниязов жергілікті басылымдардың бірін де сотқа берген. Ағалы-інілі екеу өздері шеккен ар азабы үшін әрқайсысынан 10 миллион теңге моральдық шығын өндіріп беруді талап етуде. Алғашқы сот отырысы 1 қыркүйек күні өтті. Сот отырысына қатысу үшін ағайындылардың кішісі Санат Қожаниязов келді. Ал Самат Қожаниязов денсаулығы нашарлағандықтан, Ақтөбеге келе алмады.

Естеріңізге сала кетелік, 5 маусым күні Ақтөбеде болған лаңкестік оқиғадан кейін террористер тізімінен қате шыққан. Ағайынды Қожаниязовтардан бөлек ақтөбелік Данияр Уайсов та өлтірілген содырлардың арасынан өзін тауып алғандығын айтқан еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай