02 желтоқсан 2022 08:59

Меркі ауданында 48 ауылішілік жол жаңарып, 5 үй тұрғындарға берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Меркі ауданының әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы қызметіне тағайындалғаннан кейін аудан аумағында ауқымды жұмыстар қолға алынып, межелі жоспарлар бекітілді. Аудан басшысы қызметіне кіріскен 6 айдың ішінде сол жоспар бойынша орындалуы көзделген жұмыстар кезең кезеңімен жүзеге асып келеді.


Меркі ауданының әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы қызметіне тағайындалғаннан кейін аудан аумағында ауқымды жұмыстар қолға алынып, межелі жоспарлар бекітілді. Аудан басшысы қызметіне кіріскен 6 айдың ішінде сол жоспар бойынша орындалуы көзделген жұмыстар кезең кезеңімен жүзеге асып келеді.

Аудан әкімі өз жұмысын ең алдымен ауданның жалпы ахуалын зерделеуден бастады. Аудандағы 45 елді мекеннің барлығын аралап шығып, оның ішінде барлық әлеуметтік, кәсіпкерлік, қызмет көрсететін нысандардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, 14 ауылдық округте 34 қоғамдық қабылдау өткізіп, ауылдардағы мәселелерді тұрғындардың өздерімен бірге талқылады. Сондай-ақ, тұрғындардың өтініш-тілектері және ұсыныстары негізінде аудандағы барлық мәселені жинақтап, ауданның даму жоспарына енгізді.

Мәселелерді кезең-кезеңімен шешу мақсатында басымдықтар анықталып, сол бойынша жүйелі әрі нақты жұмыс жасалып келеді. Ендеше атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтсек.

Қазіргі уақытта аудан аумағында 16 жоба аясында 48 ауылішілік көше жолдары жаңарды. Ақкөз Қайнар, Беларық ауылдары тұрғындарының көп жылдан бергі сұранысы орындалып, аталған ауылдарға газ құбыры тартылып, қазіргі уақытта іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Қарасу ауылында да газ құбырларын тарту жұмыстары басталып, жоба өтпелі болғандықтан келесі жылы жалғасын табады.

Сонымен қатар аудандағы ең ірі аймақтардың бірі Ойтал ауылдық округі тұрғындарының мәдениет үйі қажеттігі жөніндегі сұраныстары орындалды. Биыл 180 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды. Мәдениет ошағының құрылысы жобалық құжаттама бойынша өтпелі болғандықтан, құрылысты келесі жылдың басында аяқтау көзделуде. Дәл сол сияқты Мыңқазан ауылында да 90 орындық ауылдық клубтың құрылысы қызу жүргізілуде.

Мемлекет басшысының биылғы жылды "Балалар жылы" деп жариялауына орай, Меркі, Ақарал және Сыпатай батыр ауылдарында балалар алаңшасы салынып, тұрғындардың игілігіне берілді.

Білім ошақтары бойынша Меркі ауылында Балауса бөбекжай бақшасында және Ақарал ауылындағы №5 мектеп гимназиясының ғимараттары күрделі жөндеуден өтуде.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, "Асарлатып үй салу" жобасы аясында 6 үй, 3 асхана құрылысы жоспарланып, қазіргі уақытта 5 үй мен 2 асхана тұрғындар игілігіне берілді (Кеңес, Аспара, Ойтал, Ақарал, Жамбыл және Тәтті мен Жаңатоған ауылдары). Жоспарланған қалған нысандар жуық арада өз иелеріне табысталатын болады.

Аудандағы су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 46 ұңғыманы қазу жұмыстары жүргізілуде. Ұңғыма құрылыстары толығымен аяқталған соң, 2200 га жерді суармалы сумен қамтуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар Андас батыр және Жаңатоған ауылдық округтерінде Андас І, Андас ІІ және Андас ІІІ су қоймаларын салу жұмыстары қолға алынды. Су қоймаларының құрылысы аяқталған соң, тағы 700 га жерді суармалы сумен қамтуға болады.

Денсаулық саласында Тәтті ауылдық округінде 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория мен Гранитогор ауылында 10 келушіге арналған фельдшерлік акушерлік пунктінің құрылысы аяқталып, Республика күні мерекесіне орай, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Аудан халқын тұрғын үйге арналған жер учаскелерімен қамтамасыз ету мақсатында Мыңқазан, Аққайнар, Меркі, Тұрлыбай батыр, Т.Рысқұлов Сұрат ауылдарынан арнайы алқаптар қарастырылып, қазіргі уақытта инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы саласында 2022 жылы 23739,6 гектар бидай, 27417 гектар арпа, барлығы 51156,6 гектар дәнді масақты дақылдар орақтан өткізілді. Сонымен қатар 1055,4 гектар картоп, 2370 гектар көкөніс, 7540,8 гектар мақсары, 450 гектар бақша дақылдары жиналып, 691,5 гектар жүгері жиналды.

Ағымдағы жылы 1354 гектар алқаптан 41822 тонна тәтті түбір жиналып, бұл облыс бойынша өткізілген 107500 тоннаның 38,9 пайызын құрады. Биылғы жылы өңдеу кәсіпорнына өткізілген қант қызылшасының 1 тоннасына қант зауыты 15000 теңге төлейтін болса, Үкімет тарапынан 1 тоннасына 15000 теңге субсидия төленеді. Осы орайда, аудандық қант қызылшасын өндірушілерге 582 млн. 98 мың теңге субсидия төленді.

Кәсіпкерлік бағытында "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында 328,9 млн. теңгені құрайтын 49 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде "Гүлдер" шаруа қожалығының жеміс-жидек сақтау және "Green garden" шаруа қожалығы алма бағының инфрақұрлымдық жұмыстарын атап өтсек болады.

Ауданның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 13196,8 теңгені құрады.

Осы орайда, жұмыспен қамту шаралары бойынша, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық бағдарлама аясында 5957 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 253 азаматқа қаражат берілді. Қысқа мерзімді оқуға 138 азамат жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша 100 адам жұмысқа жолданды. Жастар тәжірибесі бойынша 131 адам, алғашқы жұмыс орны бойынша 10 адам жұмысқа жолданды. Ал, бос жұмыс орындары бойынша 2580 адам жұмысқа орналасты.

Ауыл халқының тұрмысын түзеу мақсатында облыс бойынша жүзеге асып жатқан пилоттық жобаға Ақермен ауылы енгізілді. Қазіргі таңдағы округтегі 441 ауланың 145-і жобаға қатысуға ниет білдіріп, жалпы жоба құны – 587 032,85 мың теңгені құрап отыр.

Жалпы ауданның әлеуметтік-экономикалы даму бағытындағы жоспарлы әрі жүйелі жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети