22 маусым 2023 15:37

Метроны Алматы-2-ден Алматы-1-ге дейін ұзарту жоспарланып отыр

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Алматы-2" станциясынан "Алматы-1" станциясына дейін сыртқы метро желісін салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Алматы-2" станциясынан "Алматы-1" станциясына дейін сыртқы метро желісін салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ОКҚ-да өткен брифингте Ерболат Досаев былтыр Алматыда "Бауыржан Момышұлы" және "Сарыарқа" метросының екі бекеті қолданысқа берілгенін айтты. Осы уақытқа дейін метро күніне 35 000 адамды тасымалдайтын. Екі бекет пайдалануға берілгеннен кейін, тұрғындар осы аудандарда көп орналасқандықтан, жолаушылар ағыны 95 мың адамға, яғни үш есеге өсті. Екі жаңа пойыз берілгеннен кейін пойыздар арасындағы аралық алты минутқа дейін қысқарды.

"Мен көбірек метро бекеттерін салғым келеді. Бізде Алматы-1-ден Алматы-2-ге дейін бір жоба бар. Бізде тарихи түрде кеңеюге мүмкіндік бермейтін бір жолақты темір жол бар. Біз екінші жолды қалай салуға болатынын алдын ала жоспарладық. Бұл жағдайда бізде Алматы-2 мен Алматы-1 арасындағы электр пойызы сияқты сыртқы метро болады. Ақшаны үнемдеуге және қажетті нәтиже алуға мүмкіндік бар. Биыл ҚТЖ айналма теміржол құрылысының жобасын бастайды және жүк пойыздары кетеді деп үміттенемін. Бұл жағдайда біз пайдаланатын трафик босатылады", - деді Алматы әкімі.

Досаевтың айтуынша, жақын арада "Барлық" базарына дейін үш бекеттің жобасы дайындалып жатыр. Жалпы, ұзындығы 5 шақырым болатын бекеттердегі жобалау жұмыстары 2024 жылы аяқталады.

Еске салайық, осыған дейін сәулетші-урбанист Аян Зікірин Алматы-2 станциясынан Алматы-1 станциясына дейінгі темір жолды келесі метро желісінің астына қайта салуды ұсынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети