Мейірім Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген жапон боксшысын нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейірім Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген жапон боксшысын нокаутқа түсірді

Орта салмақта бақ сынайтын кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Инчхонда өткен бокс кешінде жеңіліп көрмеген жапон боксшысы Кадзуто Такесаконы нокаутпен ұтып, WBO International чемпиондық белбеуін сәтті қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 8-раундта аяқталды. Мейірімнің ширақ шабуыл, жойқын сериялы соққыларынан кейін жапон боксшысы ес жия алған жоқ. Төреші шаршы алаңдағы шайқасты тоқтатты.

Қазақстандық боксшы қарсыласын үшінші раундта-ақ ұтып шығатын сәт болған. Алайда Кадзуто Такесако жылдам ес жиып, соққыларға шыдас бере білді.

Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы 19-шы жеңісіне қол жеткізді. Бірде-бір рет ұтылмаған. Ал жапон боксшысы алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Инчхондағы бокс кешінде тағы бір отандасымыз Нұрсұлтан Аманжолов та жекпе-жек өткізді. Ол жергілікті боксшы Ан Сук Хиді нокаутпен жеңді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +21
Ақтау +24
Ақтөбе +20
Атырау +23
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +23
Қызылорда +23
П
Павлодар +19
Петропавл +25
С
Семей +22
Т
Талдықорған +21
Тараз +24
Түркістан +22
О
Орал +23
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +19

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер