“Миллиондаған жанкүйерді тәнті етті“: Тоқаев Испанияны Әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Миллиондаған жанкүйерді тәнті етті“: Тоқаев Испанияны Әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады Фото: instagram.com/fifa

Мемлекет басшысы Испания Королі VI Фелипеге құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Король VI Фелипе мен барша испан халқын Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады.

"Ұлттық құрамаңыздың жоғары шеберлігі, үйлесімді командалық ойыны және жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйерді тәнті етті. Испанияның жаһандық деңгейде мойындалған футболдан озық тәжірибесі баршаға үлгі. Осы ретте биыл Қазақстанда "Атлетико Мадрид" клубы академиясының ашылғанын ерекше қуанышпен атап өтемін. Бұл бастама халықтарымыз арасындағы достық пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ жастар арасындағы байланыстарды тереңдетуге зор серпін береріне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.


Қасым-Жомарт Тоқаев VI Фелипенің ел мүддесіне бағытталған игі бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.

Испания Аргентинадан жеңісті жұлып алып, Әлем чемпионы атанды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +38
Астана +23
Ақтау +27
Ақтөбе +25
Атырау +30
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +27
П
Павлодар +19
Петропавл +32
С
Семей +36
Т
Талдықорған +31
Тараз +31
Түркістан +29
О
Орал +34
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер