28 қыркүйек 2018 09:47

Министр Абаев мектепте хиджаб киюге салынған тыйым туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысындағы Фирдауси ауылында мұсылман орамалын таққан оқушы қыздар мектепке кіргізілмеді. © youtube/Azattyq TV Түркістан облысындағы Фирдауси ауылында мұсылман орамалын таққан оқушы қыздар мектепке кіргізілмеді. © youtube/Azattyq TV

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында мектепте хиджаб киюге тыйым салуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында мектепте хиджаб киюге тыйым салуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда заңға сәйкес, орта мектептерде міндетті мектеп формасы енгізілген. Демек, мектеп қабырғасында өзге нақыштағы элементтері бар киімдерді киюге болмайды, олардың қатарында діни де бар.

"Яғни, заң сабаққа хиджаб киіп немесе орамал тағып келуге ғана тыйым салмайды, тіпті субмәдениетке жататын киімді де киюге рұқсат бермейді", - деді министр.

Жақында Түркістан облысындағы Фирдауси ауылында мұсылман орамалын таққан оқушы қыздар мектепке кіргізілмеді.

Осыған қатысты пікірін айтқан Абаев басшылық әрекетінің заңды екенін мәлімдеді. "Аудан әкімшілігі мен мектеп басшылығы құқыққа сай әрекет жасады. Менің білуімше, ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді және оқушы қыздар хиджаб киюді қойды", - деді ол.

Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі биліктегілердің әрекеті конституциялық нормаға сай келмейді десті. Олардың ойынша, зайырлы мемлекетте хиджаб киюге болады.

Бұған қатысты Абаев жағдайдың дінге немесе діни ұстанымға қатысы жоқ екенін түсіндірді. Оқу орнынан тыс жерде кім не кием десе де өз еркі.

"Қазақстанда діни ұстаным үшін өте ерекше және ыңғайлы климат құрылған деп есептеймін және менің ойымша, мұнымен ешкім сөз таластырмайды. Конституцияға сәйкес, біздің мемлекет зайырлы. Бұл сөздің өзі мемлекеттің діннен бөлек екенін меңзейді, ал мектеп - бәрінен бұрын мемлекеттік мекеме. 

Сондықтан діни киімді кию зайырлы білім беру жүйесінің қағидаларын бұзады. Мектеп оқушыларының сырт келбетін стандарттау - әлемде кең тараған тәжірибе, олардың қатарында батыстық демократия да бар. Қазақстандық тәжірибеде адам құқығын сақтау қағидалары өзгешеленбейді", - деп түсіндірді шенеунік.

"Мына киімді ки, мынаны киме деп мемлекет адамның жеке өміріне араласпайды. Көшеде қалаған киіміңізді киіңіз. Мектептің ішіндегі ережелер бойынша ашық киінуге де тыйым салынған. Мынаны түсіну керек, мемлекеттік саясатты дінге қарсы қою, әсіресе Исламға - ол таза арандату.

Мемлекет халықтың шектен тыс діни ұстанымынан қорқады деп қауіптенуге ешқандай негіз жоқ. Біздің елдегі мешіттердің, шіркеулердің, синагогалардың саны өте көп, мемлекет оларға қалайда кедергі жасауға тырысты дейтін куәлік жоқ. Заң бар, оған сәйкес оқушылар мектеп формасын киюі тиіс, ал заңға бағыну керек", - деді министр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети