11 шілде 2017 | 12:42

Министр Фармация комитетінің лауазымды тұлғаларының ұсталуына қатысты өз ойын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Фармация комитетінің бірқатар лауазымды тұлғаларының ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Фармация комитетінің бірқатар лауазымды тұлғаларының ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Негізгі тұстарын Агенттік пен Ұлттық бюро кеше ұсынған. Бізде қосымша ақпарат жоқ. Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр. Мүмкіндік болған сәтте ел алдында, соның ішінде сот тыңдаулары аясында қажетті ақпаратты алып, жария етіп отыратын болармыз деген ойдамын. Осыған байланысты әзірше іс материалы туралы сөйлеуге ерте", - дейді министр үкімет отырсының қортыныдысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты кезінде. 

"Қатыстылығы жайында айтсақ. Мұнда ештеңе жасырудың мәні жоқ. Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы және қызметтік тұлға ретінде олар "СК-Фармация" компаниясының дәрімен қамтамасыз ету қызметіне қатысты болған. Тығыз ынтымақтастықта болғандықтан, мәселен, "СК-Фармация" компаниясы жүзеге асыратын сатып алу мәселелері нормативтік база арқылы реттеледі. Оны Комитет жасап шығарады. Бұл күнделікті қарым-қатынас, сондықтан, қатыстылығы бар, әрине", - дейді министр. 

Мұның алдында Фармация комитетінің лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін ұсталғаны хабарланған. Ұсталған тұлғалар пара алумен қатар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында сатып алынатын препараттардың құнын өсіру жолымен бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer