10 маусым 2021 11:59

Министр картоп тапшылығына кінәлілерді атады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы картоп тапшылығының себептерін атады. Ол жағдай жылдан жылға қайталанатынын, бірақ Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер тиісті шаралар қабылдамайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы картоп тапшылығының себептерін атады. Ол жағдай жылдан жылға қайталанатынын, бірақ Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер тиісті шаралар қабылдамайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр үкімет отырысында сөйлеген сөзінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтерін келтірді, оған сәйкес отандық картоп өндірісі ішкі сұранысты 108 пайыздан аса қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен қатар, оның айтуынша, картоптың тауарлық өндірісінің көлемі небары 1,9 миллион тонна немесе жалпы алымның 47 пайызы. Қалған тауар айналымы саналмайды, өйткені ол халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында өндіріледі.

"Былтыр экспорт 360 мың тонна көлемінде рекорд мәнді көрсетті. Осылайша, картоп экспортының үлесі оның тауарлық өндірісінің 19 пайызына жетті, бұл дүкен сөрелеріндегі тапшылыққа әкеледі. Тиісінше, тапшылықтан картопты импорттау қажет болады. Бұл жағдай жылдан жылға қайталанып келеді, бірақ ауыл шаруашылығы министрлігі де, жергілікті атқарушы органдар да осы проблеманы жою бойынша тиісті шаралар қабылдамайды. Былтыр картоп экспортына тыйым салу арқылы ғана бағаны тұрақтандыра алдық", - деді Бақыт Сұлтанов.

Айтуынша, төмен бағамен сатылған биылғы экспорт (69 мың тонна) жыл басынан бері отандық өнім қорының үш есе қысқаруына әкелді (903 мың тоннадан 330 мың тоннаға дейін).

Сауда министрінің мәліметінше, осының орнын толтыру үшін Иран мен Пәкістаннан отандық өнімнен үш есе қымбат бағамен 28 мың тонна картоп сатып алынды.

Жалпы, төрт айда картоп импорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67 есе өсті, ал жыл басынан бері импорт бағасы 47 пайызға өсті.

"Әкімдіктер барлық қажетті мүмкіндікке ие бола тұра, ішкі нарықта халықты қамтамасыз ету үшін өз картоптарын ұстай алмады. Атап айтқанда, субсидиялау кезінде өндірушілерге тиісті міндеттемелер қойылмады. Өңірлік тұрақтандыру қорларына картоп жеткілікті көлемде сатып алынбады, сондай-ақ форвардтық сатып алу және айналым схемасы сияқты нарықтық тетіктер толық пайдаланылмады. Өңірлердің тұрақтандыру қорларында қазіргі уақытта картоп қоры жоқ десе болады", - деді ол.

Айта кетейік, картоп бағасы Қазақстан өңірлерінде бір келісі үшін 500 теңгеге дейін көтерілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети