03 желтоқсан 2019 11:54

Министр Қазақстанда бензин неге қымбаттайтынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстанда алдағы уақытта бензиннің неліктен қымбаттайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстанда алдағы уақытта бензиннің неліктен қымбаттайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бензин литріне 10 теңгеге қымбаттайды деп болжанып отыр. Бұл шамамен 6 пайыз. Инфляцияға елеулі әсер етпеуі керек, алайда бағаның өсуі тұрақты күн тәртібінде тұр, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаны ұстап тұру үшін барлық шараны қолдану қажет", - деді Смайылов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Бұған дейін ол бензинге акциздің артуы қандай факторларға байланысты екенін түсіндірген.

"Бізде келесі жылы әлеуметтік сала шығындары өседі. Республикалық бюджет жобасында осы салаға 6 триллион теңге қарастырылған, биыл 5,3 триллион теңге болған. Педагог мәртебесін арттыру туралы заң қабылданып жатыр, төрт жыл ішінде екі рет мұғалімдердің, балабақшалардың, колледждердің тәрбиешілерінің жалақысын көтеру жоспарланды. Келесі жылы бұл көрсеткіш 25 пайызға жетеді. Барлығы қосымша ақша талап етеді. Бұл ретте біз микро және шағын бизнес субъектілерін табыс салығынан үш жылға босату есебінен кіріс бөлігін қысқарттық. Сондықтан да бұл - акциздің қайнар көзі, бірақ бұл басты қайнар көзі емес", - деп түсіндірді Смайылов Үкімет отырысында.

Ол басты қайнар көз деп кедендік және салықтық әкімшілендіруді атады.

"Республикалық бюджеттің кірісі өткен жылмен салыстырғанда 10 айда 911 миллиард теңгеге өсті. Жалпы жыл бойынша республикалық бюджетке түскен түсімдердің 1,2 триллион теңгеге өсуі күтіледі. Оның ішінде 840 миллиард теңге кедендік және салықтық әкімшілендіруді жақсарту есебінен. Акциздердің өсуі келесі жылы кіріс бөлігінің ұлғаю факторларының бірі болады. Бұл қосымша 50 миллиард теңгеден астам қаржыны жинауға мүмкіндік береді.

"Бүгінде бізде АИ-92 литрінің бағасы литріне 163 теңге, ал Ресейде теңгелік мәнде литріне 260 теңге. Бізде республикадан РФ-ға мұнай өнімдерін жаппай шығару жүріп жатыр. Біз автомобиль көлігімен әкетуді шектеу бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр болдық. Сондықтан бензин бағасың өсуі айтарлықтай емес, бірақ осы екі факторға байланысты болуы керек еді", - деп толықтырды Смайылов.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети