Вице-премьер, ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталғаны туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вице-премьер, ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталғаны туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мырзахметов болған жайтқа байланысты өкініш білдірді және қазіргі уақытта осы ветеринарлық саланы дамыту үшін көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқанын айта кетті.
"Қазіргі уақытта Хасенов өз қызметінен босатылған жоқ. Өздеріңіз білетіндей, мұндай жағдайлар болған кезде, сот шешімі шықпай, жұмыстан босатуға болмайды. Сот шешімін шығарған уақытта, біз де шешім шығаратын боламыз", - деді Мырзахметов.
Қазақстан аумағына ет өнімінің заңсыз жеткізілуіне байланысты вице-премьер былай деп жауап берді: "Сапасыз ет өнімдерін тұтынып жатырмыз деп еш қорқудың қажеті жоқ, төрағаның парасы заңсыз келген етке қатысы емес".
Еске салайық, Сақташ Хасенов 4 қарашада бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталған. Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Ұлттық бюроның мәліметінше, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Хасенов Сақташ Қазақстан аумағына ет өнімдерін кіргізуге рұқсат қағаздарын беріп отырғаны үшін бірнеше рет пара алған.
"Комитет төрағасы Хасенов өзінің сенімді өкілі Решетько арқылы алдын ала келісім бойынша Қазақстан аумағына әрбір ет өнімінің келісі үшін кәсіпкерлерден ай сайын ақша алып отырған. Хасеновтың құзыретімен 2016 жылдың наурыз айынан қазанға дейін елімізге 7,4 мың тонна құс еті кедергісіз кірген. Хасенов пен Решетько алған параның көлемі - 37 миллион теңге", - деді Антикоррупция қызметі.
Айта кетейік, 2010 жылы 10 тамызда Сақташ Хасенов ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын, ал 2015 жылы маусым айында ол Қазақстанның ауыл шаруашыдық министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып сайланған болатын.