Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Министр Сәрінжіпов депутат Перуашевпен дауында өз пікірін өзгертпейді

25 Маусым 2015, 12:34
0
Аслан Сәрінжіпов пен Азат Перуашев. ©Tengrinews.kz
Аслан Сәрінжіпов пен Азат Перуашев. ©Tengrinews.kz

Министр Сәрінжіпов депутат Перуашевпен дауында өз пікірінде қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Парламенттің жоғарғы палатасының отырысында білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов оқиғаға байланысты қысқа пікір білдірді.  

"Мәселенің құқықтық салаға өткендігі себепті, мен бұл мәселеге байланысты пікір білдірмеуіме құқығым бар. Құзырлы органдар шешеді. Алайда мен өз пікірімді өзгертпеймін. Айтқанымды растадым. Пікірім өзгеріссіз қалып отыр. Сондықтан құқықтық салада шешілетіндіктен - пікір білдірмеуге құқығым бар", - деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Айта кетейік, биыл 22 маусымда ІІД басшысы Қалмұханбет Қасымов министр мен мәжілісмен қатысқан іс бойынша соталды тергеудің басталғанын хабарлаған еді. Екі жақ тараптан жауап алынды.

Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісінде "Ақ жол" партиясы фракциясының депутаты Азат Перуашев министрдің заңды өзгерту туралы ұсынысына орай Аслан Сәрінжіповке ҚР Білім және ғылым министрі қызметінен кетуді ұсынған болатын. "Заңды үнемі өзгерте бергеннен кейде министрді ауыстыру тиімдірек", - деді депутат.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай