13 тамыз 2020 12:08

Министр ТЭЦ-3 Алматы экологиясына қалай әсер ететінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: 2gis.kz Фото: 2gis.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ТЭЦ-3 Алматы ауасын ластауға қалай әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ТЭЦ-3 Алматы ауасын ластауға қалай әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз ТЭЦ-3-тің Алматыға әсерін карантин кезінде анықтадық. Бұған дейін ол ескерілмейтін. Қазір біз ТЭЦ-2-ден 33 мыңға дейін, ал ТЭЦ-3-тен 12 мыңға жуық зиян зат шығатынын көріп отырмыз. Бірақ Түрксіб ауданы түгелдей, бұрын Калинин, Мичурин колхозы болған аумақ, қазір Белбұлақ деп аталады, әуежай аумағы - бұлардың бәріне ТЭЦ-3 әсер етеді", - деді министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Сондай-ақ министрліктегі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зүлфухар Жолдасов ТЭЦ-3-тің әсері туралы пікір білдірді.

"Алматы бірнеше жыл елдегі ең лас қалалардың тізімінде болды. Оған жылу көздерінен шығатын қалдықтар және жолдағы көліктердің кептелісі себеп болды. 2019 жылғы есеп бойынша атмосфераға 114 мың ластайтын зат бөлінген, оның 34 пайызы жылу көздерінен, 52 пайызы көліктен және 14 пайызы жеке сектордан шыққан.  ТЭЦ-3 және ТЭЦ-2-ні газға алмастыру керек, сонда ТЭЦ-2 қалдының үштен бір бөлігіне тең болады", - деді Жолдасов

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети