03 қазан 2023 12:49

Министрге құрмет пе? ТЖМ басшысы өзін айыптаушыны сотқа беру туралы сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов өзін жемқорлық жасады деп айыптаған бұрынғы қызметкерді сотқа беру туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов өзін жемқорлық жасады деп айыптаған бұрынғы қызметкерді сотқа беру туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәлімдеме туралы айта отырып, министр ондағы тұжырым жөнсіз екенін айтты.

"Иә, шынында да, мұндай мәлімдеме болды. Кеше бірден жауап бердік. Менің ұстанымым – адал өмір сүру, жұмыс істеу. Сондықтан, мәлімдемеде көрсетілген бұл деректер жөнсіз", - деді Шәріпханов.

Шенеуніктің айтуынша, ТЖМ теріске шығарғанына қарамастан, бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі, оның барысында жеке құрам сұралады.

"Егер бұл жала екені анықталса, онда, әрине, белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну жүзеге асырылады", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Желіде Түркістан облысының құтқарушыларынан жаңа төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың құрметінеақша жиналғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 477.03   490.7   5.38 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети