19 қаңтар 2024 10:08

Министрлік балансындағы Bentley: 84 миллион теңгенің көлігі неге арзанға сатылды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: e-auction.gosreestr.kz Фото: e-auction.gosreestr.kz

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (ММЖК) 2017 жылы шығарылған Bentley Bentayga көлігінің даулы сатылымына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (ММЖК) 2017 жылы шығарылған Bentley Bentayga көлігінің даулы сатылымына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында автокөлік акциялардың мемлекеттік пакеттерін, ұйымдардағы үлестерді және республикаға тиесілі өзге де мүлікті жекешелендіру мәселелерін реттейтін бұйрық негізінде аукционға шығарылғаны айылған.

Ведомство Bentley неге арзанға сатылды деген сұраққа да жауап берді: көлік бастапқыда 83,9 миллион теңгеге бағаланғанымен, 46,3 миллион теңгеге сатылған. Мемлекеттік мүлік туралы заңға және сату ережесіне сәйкес, жекешелендіру нысаны бірінші аукционда бағаны көтеру әдісімен аукционға шығарылады.

"Екінші аукционда жекешелендіру нысаны бастапқы бағадан елу пайыз мөлшерде ең төменгі бағаны белгілей отырып, бағаны төмендету әдісін қолдана отырып, аукционға қойылады. Үшінші аукционда жекешелендіру нысаны ең төменгі бағаны белгілемей бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукционға қойылады. Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион өткізген кезде баға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасына тең болды", - деп хабарлады комитет.

Ведомство 2023 жылдың 16 қарашасына белгіленген автокөліктің бастапқы бағасы 83,9 миллион теңге болатын бірінші аукционға қатысуға өтінімдердің болмауына байланысты өтпегенін қосты.

"Осыған байланысты нысан 2023 жылғы 5 желтоқсанда екінші аукционға шығарылды, ең төменгі баға бастапқы бағаның елу пайызы мөлшерінде – 41,9 миллион теңге болып белгіленді. Осы аукциондардың қорытындысы бойынша, нысанның сату бағасы 46,3 миллион теңге болды", - деп толықтырды ведомство.

e-auction.gosreestr.kz

Түскен қаражат Ұлттық қорға жіберілген. Қаржы министрлігіне шетелдік қымбат көлікті кім сыйлады деген сұраққа олар коммерциялық құпияны алға тартып, жауап бермеді. Сондай-ақ, ММЖК мәліметінше, көлік сыйлыққа алынған сәттен бастап аукционда сатылғанға дейін оны ешкім жүргізбеген.

"Ережеге сәйкес, мемлекеттік мүліктің теңгерім ұстаушысы сатып алушыға меншік құқығы берілгенге дейін жекешелендіру нысанының сақталуына және жекешелендіру нысаны туралы ақпараттың дұрыстығына жауап береді, сондықтан нысан пайдаланылмаған", - делінген хабарламада.

Еске салайық, былтыр электрон сауда алаңының сайтында аукцион өтіп, нәтижесінде 2017 жылғы Bentley Bentayga W12 автокөлігі 46,3 миллион теңгеге сатылған болатын. Сатушы ретінде Алматы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті көрсетілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети