Министрлік Қайрат Жамалиев VIP-камерада жатыр деген қауесетті тексерді

31 Тамыз 2017, 16:50
0
Министрлік Қайрат Жамалиев VIP-камерада жатыр деген қауесетті тексерді -

Алматы облысының прокурорлары Қайрат Жамалиев жазасын өтеп жатқан колонияға аяқ асты тексеріс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы облысының прокуратурасы "Время" газетінде жазылған ақпараттың растығын тексеру мақсатында 31 тамызда сағат 00:35-те мекемеге толық тексеріс жасады. Тексеріс қорытындысы газетте айтылған VIP-камералар туралы ақпарат расталмады", - дейді ҚР ІІМ-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев. 

Оның айтуынша, ары қарай Қайрат Жамалиевтің жататын орны тексерілген.

"Н.М. Алтынхановтың өтініші бойынша ІІМ-нің Өзікндік қауіпсіздік департаменті Алматы облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Б.Т Жүнісов пен ЛА-155/14 Б. мекмесінің басшысы Э. Шәріпбековке қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті Сәдубаев. 

Оның айтуынша, қызметтік тұлғалар тарапынан жасалған ереже бұзу деректері тәртіптік комиссияда қаралады. Кінәлілерге қатысты қатаң жазалар қолданылады, тіпті жұмыстан шығарылады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай