Министрлік қазақстандықтарды шошытқан Ресей зымыранына қатысты пікір білдірді

27 Қыркүйек 2017, 14:31
0
Министрлік қазақстандықтарды шошытқан Ресей зымыранына қатысты пікір білдірді - Куәгер жолдаған сурет.
Куәгер жолдаған сурет.

Ресейдегі баллистикалық зымырандардың ұшырылғаны жайлы қазақстандықтарға алдын ала айтып отыру мүмкін емес. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіндегілер айтты.

"Баллистикалық зымырандарды ұшыру - Ресей Федерациясы қарулы күштерінің жеке шаруасы. Шет елдердегі қаруландыру, қорғаныс өнеркәсібі кешендері және олардың қарулы күштерінің қызметі Қазақстанның құзыретіне кірмейді. Бұл қандай да бір шабуыл әрекеті немесе мемлекеттік шекара ережелерін бұзу әрекеті емес", - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, баллистикалық зымыранның ұшырылуы көрші елдердің аумағына еш зиян тигізбейтіні айтылады.

"Бүгінде біз "Байқоңыр" ғарыш айлағынан жоспарлы түрде ұшырылатын зымырандар туралы хабарлап отырамыз. Бірақ баллистикалық зымыран ұшыру ғарыш қызметіне жатпайды", - деді ведомстводағылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін 26 қыркүйекте кешкі уақытта Ақтау, Атырау, Қостанай және Қазақстанның тағы басқа өңірлерінің тұрғындарының аспанда жанып тұрған объектіні байқағаны хабарланған болатын.


© Куәгерлер жолдаған суреттер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай