13 наурыз 2020 | 15:25

Министрлік коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір біздің мақсатымыз - бортта болған адамдардың барлығын іздеп табу, олармен байланысты болғандарды оқшаулап, бақылауға алу. Қажет іс-шаралар жүріп жатыр", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар қай қалада?

"Барлық адамды іздеп тапқан соң олармен жұмыс жүргізіледі, денсаулығы тексеріліп, қажетті сараптамалар алынады", - деді Біртанов.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгені хабарланған болатын. Коронавирус жұқтырған 1974 жылғы ер адам және 1984 жылғы әйел адам екені белгілі болды. Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Оларда аурудың клиникалық белгілері әзірге жоқ. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети