13 наурыз 2020 17:13

Сауда орталықтарындағы ойын алаңдары жабылды - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Қазақстандағы сауда орталықтарындағы ойын алаңдары коронавирустың тарауына байланысты жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандағы сауда орталықтарындағы ойын алаңдары коронавирустың тарауына байланысты жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сонымен қатар, сауда орталықтарында инфекция тез тарайтындықтан және балалар жабық алаңдарда жүретіндіктен ойын алаңдары жабылды", - деді Елжан Біртанов ОҚК брифингінде. 

13 наурызда Алматыда Германиядан келген екі қазақстандықтың (1974 жылғы ер адам мен 1984 жылғы әйел адам) коронавирус жұқтырғаны анықталды. Науқастар Алматыдағы жұқпалы ауру стационарына жатқызылды. 

Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр

Еске салайық, үкімет Қазақстанда коронавирустың тарамауына келесі шараларды қабылдады:

  • 13 наурыздан бастап Қазақстандағы адам көп жиналатын барлық шараға тыйым салынды;
  • 16 наурыз бен 5 сәуір аларығында Қазақстан мектептерінде каникул болады;
  • 16 наурыздан оқу орындарының студенттері онлайн оқуға көшеді;
  • қоғамдық көліктерде дезинфекция жүргізіледі;
  • бала бақшалар бұрынғы режим бойынша жұмыс істейді;
  • мектеп оқушыларының каникулы кезінде экскурсия жасауға тыйым салынады;
  • 1А, 1Б, 2 және 3 дәрежелі мемлекеттерге баруға тыйым салынады;
  • базар мен сауда орталықтары жұмыс істейті, ал кинотеатрлар жабылады.

Қазақстанда спорт матчтері көрерменсіз өтеді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети