15 шілде 2021 20:05

Министрлік Pfizer вакцинасын елге жеткізуге алдын ала келісім жасасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға Pfizer вакцинасын жеткізу туралы алдын ала келісім жасалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға Pfizer вакцинасын жеткізу туралы алдын ала келісім жасалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компаниямен 2021 жылдың төртінші тоқсанында жеткізуге алдын ала уағдаластық жасалған.

"2021 жылдың наурыз айынан бастап Pfizer өкілдерімен COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны ықтимал жеткізу туралы келіссөз рәсімдері басталды. Министрлік пен Pfizer компаниясы арасындағы өзара іс - қимыл аясында құпиялық туралы келісімге қол қойылды", - деп атап өтті ведомстводағылар.

Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer компаниясымен мәміленің негізгі шарттары туралы келісімдерді оңтайландыру бойынша тұрақты негізде келіссөздер жүргізіп жатқанын, оның ішінде Қазақстан Үкіметі деңгейінде кеңес өткізілгенін мәлімдеді.

"Pfizer компаниясы вакцинаны жеткізу туралы келісім жасасу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын қабылдау қажеттілігі туралы хабарлады", - деп толықтырды министрлік.

Бұған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Pfizer вакцинасының 2 миллион дозасын мамыр айында елге жеткізу керегін айтқан болатын, бірақ жеткізу кейінге қалған.

Pfizer/BioNTech вакцинасы - Biontech неміс биотехнологиялық компаниясы америкалық Pfizer және қытайлық Fosun Pharma-мен бірлесе отырып әзірлеген COVID-19-ға қарсы мРНҚ негізіндегі вакцина.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети