19 желтоқсан 2022 15:22

Министрлік Respublica партиясы тіркелгені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділет министрлігі министр Қанат Мусиннің Respublica саяси партиясын тіркеу туралы сөзіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әділет министрлігі министр Қанат Мусиннің Respublica саяси партиясын тіркеу туралы сөзіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 24 қарашада партияның ұйымдастыру комитетіне саяси партия құру ниеті туралы хабарлама келіп түскенін растау берілген.

"2022 жылғы 3 желтоқсанда Respublica саяси партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті партияның құрылтай съезін өткізді. Қазіргі уақытта министрлік саяси партияны тіркеу үшін ұйымдастыру комитеті құжаттарының түсуін күтіп отыр.

Әділет министрлігі ақпараттың еріксіз бұрмаланғанына өкінеді және Парламент отырысында жарияланған баспасөз хабарламасының жеткілікті түрде өңделмегені үшін кешірім сұрайды. Мұндай деректердің алдын алу шаралары қолға алынды", - деді Әділет министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Бұған дейін журналистердің сауалдарына жауап берген әділет министрі Қанат Мусин екі жаңа партия – "Байтақ" және Respublica партияларының тіркелгенін мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети