Министрлік Тоқмәдидің сенсациялық мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

25 Қазан 2017, 17:00
1
Министрлік Тоқмәдидің сенсациялық мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді -

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері сотталған бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтің хабарына қарағанда, сотталған бизнесменнің ТВ арқылы жарияланған мәлімдемесі бойынша тексеріс басталған. "24 қазанда БАҚ-тарда М.Тоқмәдидің мәлімдемесі бойынша ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті өзге де құқық қорғау органдарымен біріге отырып, тексеріс жүргізеді", - деп мәлімдеді Алмас Сәдубаев.

Ол Мұратхан Тоқмәдидің бұған дейін ІІМ-ге осы мәселелер бойынша арыз түсірмегенін айтты. "Ержан Артықбаев 2010 жылы ішкі істер органдарынан ІІМ Тергеу комитетінің Әскери-тергеу басқармасының бөлім басшысы қызметінен зейнетке шықты", - деп хабарлады ІІМ өкілі.

Еске салайық, сотталған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди сенсациялық мәлімдеме жасаған болатын. КТК телеарнасы дайындаған "Звали его Мурка" атты фильмнің екінші бөлімінде ол банкир Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындады.

"Шыны королі" "Банк Тұран Әлем" банкінің (қазіргі БТА Банк) басшысын өлтіруге тапсырысты Мұхтар Әблязов бергенін мәлімдеді. Сөйтсек, 13 жыл бұрын болған оқиға іс материалында айтылғандай қайғылы оқиға емес екен. Тоқмәдидің сөзінше, 2004 жылы ол досы Тәтішевпен бірге Жамбыл облысына аңшылыққа шыққан. Жолда ол банкирді желкесінен атып, тергеушілер мен Орталық сот сараптамасы қызметкерлеріне ақша беріп құтылған.

"Қылмыстық іс ҚР ІІМ жедел-тергеу тобына тергеуге жіберілді, оны Ержан Артықбаев басқарған. Мен одан маған жылы көзбен қарап, маған қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдамауға және тергеуде көмек беруін сұрадым. Осы мақсатта Артықбаевқа, қателеспесем, 20 мың доллар ақшаны конверге салып, беріп жібердім. Ол оны портфеліне салды да, "Там будет видно" деді", - деп әңгімеледі Тоқмәди.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай