31 тамыз 2017 18:09

Министрлік "Вечерний ургант" туралы тапсырмасы бар оқулыққа қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Білім және ғылым министрлігі жетінші сыныпқа арналған орыс тіліндегі оқулықтардағы тапсырмалардың мәнін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР Білім және ғылым министрлігі жетінші сыныпқа арналған орыс тіліндегі оқулықтардағы тапсырмалардың мәнін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталық директоры Бейбіткүл Кәрімованың сөзінше, оқулықтардағы стандартты емес тапсырмалар - жаңа оқу бағдарламасының жемісі. 

"Қазір біз жаңа форматтағы оқулық даярлауымыз керек. (...) Ескі жолдан шығуымыз қажет, жаңа оқулықтарды Ленин, Сталин, пионер мен комсомолды өте алмаймыз. Сондықтан оқулықтар жаңа заманға сай жасалған", - дейді Кәрімова. 

Сонымен қатар, оқулықты мақұлдаған сарапшылар комиссиясы Facebook қолданушыларын толғандырған әрбір сұраққа жауап берген. 

Мәселен филология ғылымдарының докторы Евгения Журавлева "Вечерний Ургант" телешоуының үзіндісін көру ұсынылған тапсырманы түсіндіріп берді. 

"Бұл жағдайда орыс халқының дәстүрлерімен танысуға байланысты. Біздің ойымызша, бұл репортажда осы тақырыптың қызықты тұсы ашылған. (...) Бұл стандартты емес жол, сондықтан Ургант кішкентай балаларды шақырады", - дейді Евгения Журавлева.

Сонымен қатар, сарапшы Юрий Антоновтың әнін тыңдау ұсынылған тапсырманы да түсіндірді. 

"Тамаша сөздер, керемет орындау, жақсы музыка. Бұл әнді тыңдаған әрбір бала туып өскен отаны, өз ауылы, қала немесе жүгіріп өткен соқпақ жолды еске түсіреді. Бұл ән осы жерде орынды деп ойлаймын", - дейді Журавлева. 

Сарапшы оқулықта пайдаланылған БАҚ-тағы мақалалардан алынған үзінділерге қатысты да түсініктеме берген. 

"Бұл жерде ақпараттық ескертпе берілген. Интернет-ресурстан алынған мәтін үзіндісі берліген. Асты сызылған сөздер публицистикалық стильге тән екені айтылған. Сонымен бірге, мұнда мерекелер тақырыбында тапсырма берілген", - дейді сарапшы. 

Министрлік өкілдерінің сөзінше, мұндай әдістер алда да қолданылады. Ал көрсетілген оқулық сынға қарамастан қолданысқа енгізіледі. 

"Біз ақпараттық технологиялар заманында өмір сүріп келеміз. Сондықтан мектепті өмір сүріп отырған ортадан бөліп тастай алмаймыз", - дейді комиссия мүшесі Тамара Хоменко. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети