15 ақпан 2021 16:45

"Миссиям орындалды". Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вячеслав Дудник Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Вячеслав Дудник Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вячеслав Дудник қызметтен өз еркімен кеткені хабарланды. Ол онлайн-конференцияда өңірдің бас дәрігерлерімен соңғы кеңес өткізді.

"Облыстық әкімдікке атқарылып жатқан жұмыстарға қолдау көрсеткені үшін және осы қызметте жұмысымды жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіргім келеді. Ал халыққа айтар өтінішім - өздеріңізді күтіп, денсаулықты бақылап жүріңіздер, дәрігерлер мен медбикелерге сенім артыңыздар. Менің осы лауазымдағы миссиям толық орындалды", - деді Вячеслав Дудник Қостанай облысының тұрғындарына.

Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері басшы лауазымы бос екенін хабарлады.

Вячеслав Дудник Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасын 2018 жылдан бері басқарды. Бұған дейін ол "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы" РМК бас дәрігері қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети