14 қараша 2016 23:25

Мұхамедиұлы "жыныстық бопсалады" деп айыптаған Еңлік Сыдықованы сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. © Тұрар Қазанғапов ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. © Тұрар Қазанғапов

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "жыныстық бопсалады" деп айыптаған Еңлік Сыздықованы сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "жыныстық бопсалады" деп айыптаған Еңлік Сыздықованы сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттағылардың айтуынша, жоғары лауазымды шенеуніктің ісі өндірісте. Мұхамедиұлы қыз ҚР Қылмыстық кодексінің 130-бабы бойынша жауап беруі тиіс деп есептейді. Нақтырақ айтсақ, бұл бап - Жала жабу, яғни Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату. Бұл баптың жазасы - екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру.

Ал әлеуметтік желілерде Сыдықованы қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша құжат таралып жатыр. Мұхамедиұлының бұл шағымы Астананың №2 Есіл аудандық сотында қаралып жатыр делінеді. 16 қарашада Мұхамедиұлы мен Сыдықова іс материалдарымен танысу үшін және шағымның көшірмесін алу үшін, құқықтарын түсіндіру үшін сотқа келеді.

Осыған дейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бұрынғы студенті Еңлік Сыдықова министрді бөтен оймен тиісті деп айыптаған болатын. Видеода қыз 2011 жылы Мұхамедиұлы ректор болғанда академияға ақшаға түсіріп беретінін айтты және екіұшты ұсыныстар айтты деп мәлімдейді. Ал Мұхамедиұлы өз кезегінде бұл мәлімдеменің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген. Осыдан кейін БАҚ-тарда тағы бір қыздың министрі "тиісті" деп айыптағаны жайлы хабар тарады. Ал кейін ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ар-намысы мен абыройын сотта қорғайтын болатыны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети