10 қазан 2019 | 15:48

Мұхамеджан Тазабектің полицейлерге оқыған дәрісінен кейін тексеріс басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі "Асыл арна" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабектің полицейлерге оқыған дәрісінен кейін тексеріс бастады. Бұл туралы министрдің орынбасары Алексей Калайчиди айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Әр мемлекеттік органның ақпараттық жұмыстар өткізуінің жоспары бар. Олар шақыруға лайықты деп таныған қоғам қайраткерлерін әңгімелесу немесе басқа да мақсатта шақырады. Қазіргі уақытта осы кездесудің қаншалықты қажет болғаны, онда қандай мақсат болғаны және форматы мен мазмұны тексеріліп жатыр. Қорытындысы бойынша баға беріп, шешім қабылдаймыз. Тексеру аяқталмай, пікір айтқым келмейді", - деді ІІМ басшысының орынбасары Алексей Калайчиди журналистердің сұрағына жауап бере отырып. 

Оның айтуынша, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы Мұхамеджан Тазабекті кездесуге шақырған болуы мүмкін. 

Осыған дейін, Желіде Тазабектің полицейлер алдында сөз сөйлеген видеосы жарияланды. Желі қолданушылар арасында осы видео кеңінен талқыланды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети