Әлемдік мұнай бағасы әлі де төмендеп жатыр. Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 63 долларға дейін төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы маусымдағы фьючерстер бағасы 3,29 пайызға төмендеп, Астана уақытымен 08:28-де барреліне 63,69 доллар болды.
WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері 3,59 пайызға арзандап, барреліне 59,82 доллар болды.
Айта кетейік, сейсенбі, 29 сәуірде Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 65 долларға дейін түскен еді.
Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы себеп болып отыр – бұл жанармайға деген жаһандық сұраныстың азаюына алып келуі мүмкін деген алаңдаушылық туғызды.
Сонымен қатар, нарыққа Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер де қысым жасап отыр: егер тараптар прогреске қолжеткізсе, АҚШ санкциялары жеңілдеуі мүмкін, бұл өз кезегінде Иран мұнайының әлемдік нарыққа қайта шығуына жол ашады. АҚШ пен Иран осы уақытқа дейін үш раунд келіссөз жүргізіп үлгерді, төртінші раунд алдағы сенбіге жоспарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!