"Мұнда қандай снаряд түскен?". Тоқаев қираған үйге барды

25 Маусым, 00:35
0
"Мұнда қандай снаряд түскен?". Тоқаев қираған үйге барды -

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласындағы жағдаймен танысу үшін Түркістан облысына келді. Мемлекет басшысы қару-жарақ қоймасындағы жарылыстардың зардаптарын қалпына келтіру жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқиға орнындағы жағдай мен атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Мемлекет басшысы ең алдымен қайтыс болған азаматтың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Президенттің баспасөз хатшысы жариялаған видеодан Тоқаевтың снаряд құлаған жерге барғанын көруге болады. Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтан тұрғын үйге қандай снаряд құлағанын сұрайды. Қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев баспанаға реактив снарядтың құлағанын, бірақ жарылмағанын хабарлайды.

Президент баспанасыз қалған азаматтарды жедел орналастыруды қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдап, зардап шеккендерге қажетті жан-жақты көмек, соның ішінде медициналық жәрдем көрсетуді тапсырды.
Мемлекет басшысы мемлекеттік материалдық қордың есебінен қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар мен материалдық құндылықтарды беруге пәрмен берді.

Үкімет пен облыс әкімдігіне қалпына келтіру жұмыстарының құнын есептеп шығаруды және тұрғын үйлерді, инженерлік желілерді, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін Үкіметтің қорынан қажетті қаражаттың бөлінуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнында құтқару және қалпына келтіру жұмыстары барысында ведомствоаралық өзара жүйелі іс-қимылды ұйымдастыруды, сондай-ақ, жарылыстардың себептерін мұқият зерттеуді талап етті.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай