30 маусым 2021 23:58

"Мұндай нәрсе ұмытылмайды". Назарбаев Путинге COVID-19-дан қалай емделгенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге коронавирустан ресейлік дәрігерлер емдегенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге коронавирустан ресейлік дәрігерлер емдегенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Пандемия кезінде ресейлік тараптың Қазақстанға көрсеткен қолдауы үшін шын көңілмен алғыс айтамын... Ауырып қалғанымда ресейлік дәрігерлер тобы жанымда 10 күндей болғанын еш ұмыта алмаспын. Бұл менің емделуімде маңызды еді. Мұндай нәрсе ұмытылмайды", - деді Назарбаев Путинге Мәскеудегі кездесуде.

"Есіңізде ме, Санкт-Петербургте көрмеге барған едік? Сол кезде біріккен кәсіпорын туралы сөйлескен едік. Міне, енді Қарағандыда кәсіпорын ресейлік вакцинаны шығарып жатыр, тура сондай сапада, көп мөлшерде", - деді Назарбаев. 

РИА Новости мәліметінше, Елбасы құндылықтар өзгеретін жаста екенін айтып, Путинге сәттілік пен мықты денсаулық тілеген.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырғаны туралы 2020 жылдың 18 маусымында белгілі болған. 2 шілдеде Елбасы сауығып шыққаны хабарланды. Биылғы маусымда Нұрсұлтан Назарбаев "Спутник V" вакцинасын салдырған.

"Барлық қазақстандықты вакцинацияны белсенді жалғастыруға және одан қорықпауға шақырамын. Вирустың жаңа штамдарының пайда болуына байланысты вакцинаны қазір алу өте маңызды. Мұны өз денсаулығыңыз үшін жасауыңыз керек. Біз қиын уақытта өмір сүріп жатырмыз. Біз осының бәрін бірге бастан өткеруіміз керек. Баршаңызға шын жүректен денсаулық пен амандық тілеймін", - деген еді сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі Мәскеуде өтіп жатыр. Елбасы мен Ресей президенті ЕАЭО-ның даму әлеуеті мен өңірлік саясат мәселелерін талқылауға ниетті.

Мұның алдында Нұрсұлтан Назарбаев пен Путиннің кездесуінен видео жарияланғанын хабарлаған едік. Қысқа видео РИА Новости Кремль пулы журналистерінің Telegram-арнасында жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети