11 қараша 2014 11:54

Мұрат Оспановтың сотында фотоға және видеоға түсіруге тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспановтың процесі бойынша фото- және бейнетүсірілімдерге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспановтың процесі бойынша фото- және бейнетүсірілімдерге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Отырыс бүгін Астана уақыты бойынша сағат 10.00-да басталды, бірақ сот залына баспасөз өкілдері біраздан соң кіргізілді. БАҚ өкілдері кірген кезде судья фото- және бейнетүсірілімдерге тыйым салу туралы шешімді оқыды. Судья Ербол Рахымбеков сонымен бірге журналистерден куәгерлер мен сотталушылардың жауаптарын жария етпеуді талап етті. Сотталушының адвокаттары осындай талап қойған. Мұрат Оспановтың өзі камера объективтеріне ілінгісі келмей, бетін қолымен бүркемеледі. 

2014 жылдың 2 шілдесінде қаржы полициясы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановты табиғи монополиялар субъектісіне жәрдем беру үшін одан 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұстаған болатын. Кейін Оспанов алған пара көлемі нақтыланды - ол 200 мың емес, 300 мың доллар алған. Күдіктінің адвокаты Мұрат Оспанов бұл қаржыны ұлының тойын өткізу үшін досынан алды деп отыр. 3 шілде күні Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты агенттік төрағасын тұтқындауға санкция берді.

Айта кетейік, қаржы полицейлері тергеу барысында Мұрат Оспановтың қашып кетуге тырысқанын хабарлаған еді. Оның әпкесі, әрі қоғамдық қорғаушысы тергеушілердің Оспановқа қинау әдістерін қолданғанын айтып, Бас прокурорға шағымданды. Бірақ оның дәйектері расталмады.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети