22 сәуір 2021 13:11

Мұсабаев ұшу қауіпсіздігін бақылау функциясын жеке компанияға беруге наразы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Сенатор Талғат Мұсабаев Қазақстандағы азаматтық ұшу қауіпсіздігін бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияны шетелдік азамат басқаратын коммерциялық компанияға беруге наразы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенатор Талғат Мұсабаев Қазақстандағы азаматтық ұшу қауіпсіздігін бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияны шетелдік азамат басқаратын коммерциялық компанияға беруге наразы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор заң бойынша азаматтық авиацияда сертификаттау, қадағалау және бақылаумен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті айналысуы керек екенін атап өтті. Алайда, бұл мемлекеттік функциялар іс жүзінде ішкі құжаттар негізінде шетелдік азамат басқаратын "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ коммерциялық компаниясына берілді. Сенатордың пікірінше, аталған саладан өзін-өзі осылай шеттету дерегі мұндай мемлекеттік органның болу орындылығы туралы мәселені туындатады.

"Ақылға салып, мәселенің шешімін заңды арнаға бағыттауды ұсынамыз. Азаматтық авиациядағы қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияларды Азаматтық авиация комитетіне қайтару қажет деп санаймыз, ал "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ құрылғандықтан, оған тек сертификаттау жөніндегі функцияларды қалдыру немесе оған коммерция субъектісі емес, барлық туындайтын заңнамалық салдары мен жауапкершілігі бар мемлекеттік орган мәртебесін беру, оған мемлекеттік функцияларды орындауды жүктеу қажет", - деп атап өтті сенатор.

Ол депутаттық сауалында авиациялық және азаматтық авиациядағы оқиғаларды тексеруді Төтенше жағдайлар министрлігіне немесе тәуелсіз халықаралық аймақтық тергеу органдарына беруді қарастыру қажет екенін айтты.

Еске салайық, Қазақстанның авиациялық әкімшілігін ұлыбританиялық Питер Гриффитс басқарады. Ол бұған дейін Ұлыбританияның Көлік министрлігі Азаматтық авиация департаментін басқарған және Ұлыбританияның азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің (UKCAA) жұмысына жетекшілік еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети