Мыңдаған тұтқын бостандыққа шығады: Мәжіліс рақымшылық туралы заңды қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Турар Казангапов Фото ©️ Турар Казангапов

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия туралы" заңды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия туралы" заңды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат 2025 жылғы сәуірде Мемлекет басшысы жариялаған тапсырмаға сәйкес әзірленген.

Не ұсынылады?

  • Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасағандарды жазадан босату;
  • Орташа ауыр қылмыстар бойынша, егер залал келтірілмесе немесе толық өтелсе, жазадан босату;
  • Орташа ауыр қылмыстар бойынша, егер әлеуметтік осал санаттағы азаматтар туралы сөз болса — залалға қарамастан, жазадан босату.

Сонымен қатар, заң күшіне енгенге дейін жасалған ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша қозғалған істерді, егер сот шешімі әлі шықпаған болса да, тоқтату ұсынылады.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандар үшін жаза мерзімін қысқарту қарастырылған.

Алаяқтық немесе ірі сомаларды иемдену бойынша сотталғандар үшін, егер келтірілген залал толық өтелсе, жаза мерзімі бестен бір бөлікке қысқартылады.

Кімдерге амнистия қолданылмайды:

  • аса қауіпті қылмыс жасағандарға;
  • сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға;
  • зорлық-зомбылық, денсаулыққа зиян келтіру, мемлекеттік құпияны жария ету сияқты қылмыстарға кінәлілерге.

Заң жобасын әзірлеушілердің бағалауынша, бұл құжат сотталғандар санын азайтуға мүмкіндік береді, бюджеттен қосымша шығынды қажет етпейді және теріс салдарға әкелмейді.

Мәжілістегі барлық салалық комитеттер заңды қолдады. Талқылаулар ІІМ, Бас прокуратура, Әділет министрлігі, судьялар, әскери қызметкерлер, ҮЕҰ және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен өтті.

Қанша адам босатылады?

Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның айтуынша, амнистияға 6 мың түзеу мекемесінде отырған сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрған 9 мың адам ілігіп отыр.

"Жалпы 15 мың адам қамтылады. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен шамамен 632 адам, пробация қызметінің есебінде тұрған 3,5 мың сотталған, яғни барлығы 4,1 мың адам бостандыққа шығады. Қалған 11 мың адамға жаза мерзімін дифференциалды қысқарту шарасы қолданылады. Заң жобасы 833 әйелге де қатысты болады: олардың ішінде 109-ы босатылады, 724-іне жаза мерзімі қысқартылады", — деді Құспан Мәжілістің жалпы отырысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Астанада ірі өрт шықты
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.5  course up  611.91  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer