02 желтоқсан 2018 14:47

Мысырда "ашық" киінді деп айыпталған әртіс бес жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© DNA India © DNA India

Мысырлық әртіс Рания Юссефті Каир кинофестиваліне жартылай ашық көйлек киіп келгені үшін айып тағылды, - деп хабарлайды BBC.


Мысырлық әртіс Рания Юссефті Каир кинофестиваліне жартылай ашық көйлек киіп келгені үшін айып тағылды, - деп хабарлайды BBC.

Басылым мәліметінше, ашық көйлек киіп келген Юссефке мысырлық азаматтар ашуға булыққан, алайда "әйел адам не киемін десе де өзі біледі" - деушілер де табылды. 

Елдегі жұлдыздарға шағым түсірумен танылған Амро Абдельсалам және Самир Сабри есімді адвокаттар әртістің атына арыз түсріген. Саридың айтуынша, "Юссефтың киімі "қоғамдық құндылықтар, дәстүр мен моральға сәйкес" келмейді екен, сондай-ақ "фестивальдың және Мысыр әйелдерінің абыройына нұқсан келтіреді" екен. 

Әртіс болса Twitter желісінде киімі үшін кешірім сұрады. Ол өзінің кинофестивальға осылай киініп баруы көпшіліктің ашуына тиеді деп еш ойламағанын жазады. Бұл жолы киім таңдауда қателескеніне қарамастан, "мысырлық қоғам құндылықтарын" жіті ұстанатынын айтты.

2017 жылы желтоқсанда мысырлық Шима есімді әншіні бейнебаянда банан жеп тұрғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырды. Мамандар бейнебаянда ойнас қылыққа шақыру әрекеттері бар деген шешім шығарған. Сондай-ақ, оған 10 мың мысыр фунты (183 мың теңге) айыппұл салынған. Бейнебаянның режиссері Мохамеда Гамальға да осындай жаза қолданды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети