26 қаңтар 2023 16:08

Нәрестенің бетін тіліп "емдеген": министр жағдайға қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/dinatansari Фото:instagram.com/dinatansari

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Атырауда жаңа туған нәрестенің бетін тіліп "емдеген" жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Атырауда жаңа туған нәрестенің бетін тіліп "емдеген" жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі менің көзқарасым бойынша, адамдар баламалы медицинамен айналысады. Егер олар медициналық көмек көрсетсе, лицензия алуы қажет (қызметіне. - еск.) және лицензияланған қызмет түрін көрсету керек. Бүгінде лицензияланған медициналық көмек түрлеріне хиджама жатпайды. Сондықтан, бүгін комитет бұл деректі анықтап жатыр, тексеру жүргізеді. Алдағы уақытта бұл мәселелерді (бақылауға. - еск.) аламыз", - деді министр Сенат отырысында журналистер сұрағына жауап беріп.

Атырауда баланың бетін тіліп "емдегені" туралы ақпарат бұған дейін "НеМолчиKZ" қорының парақшасында пайда болды. Қор өкілдерінің айтуынша, процедура хиджама орталығында жүргізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети