31 мамыр 2014 17:39

Назарбаев академик Болат Жұбановтың отбасына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болат Жұбанов. Сурет  Chemistry.kz сайтынан алынған Болат Жұбанов. Сурет Chemistry.kz сайтынан алынған

"Мемлекет басшысы Нұрсұрлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының академигі, көрнекті ғалым Болат Жұбановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.


"Мемлекет басшысы Нұрсұрлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының академигі, көрнекті ғалым Болат Жұбановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Болат Жұбановтың өмірі абыройлы еңбектің үлгісі екенін атап көрсетті.

Мемлекет басшысы академиктің еліміздегі химия ғылымының өзекті салаларының дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өткен. Ол Химия ғылымдары институтына ұзақ жылдар бойы жемісті басшылық етті. Лайықты ізбасарлар тәрбиеледі. Сонымен қатар, іргелі зерттеулері үшін Мемлекеттік сыйлыққа және өзге де марапаттарға ие болды. Қазақстан Президенті ғалымның адамгершілік қасиеттері мен игілікті істері арқылы отандастарымыздың есінде қалатынын айтты.

"Абзал азамат, ғибраты мол ғалым Болат Жұбановтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында әрдайым сақталады", - делінген жеделхатта.

Болат Жұбанов 1929 жылы 4 ақпанда композитор Ахмет Жұбановтың отбасында дүниеге келген. Ол 1952 Мәскеу химия-технологиялық институтын, ал үш жылдан соң сол институттың аспирантурасын бітірген. Болат Жұбанов еңбек жолын 1956 жылы Химия ғылымдары институтында бастаған. 1968 жылы аталмыш институттың директоры болып тағайындалды. Болат Жұбановтың соңында қызы Шолпан (пионистка) мен ұлы Тұрар (кәсіпкер) және немересі, әйгілі дирижер Алан Бөрібаев қалды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети