28 сәуір 2018 16:52

Назарбаев Астананы қазанға теңеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 20 жылдығы мен қала күнін атап өту бойынша тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 20 жылдығы мен қала күнін атап өту бойынша тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Шағын аймақтық қалашық үлкен шаһарға айналды. Жақында біз қаланың ары қарай даму жолдарын қарастырдық та, 2030 жылы Астана екі миллион тұрғыны бар қала болатынын анықтадық. (...) Қалай дегенмен урбанизация жүріп жатыр, адамдар қалаға тартылып жатыр және біз мұны білуіміз керек. Осылайша, Астана еліміздің түкпір-түкпірінен адамдар жиналатын қазанға айналды. Мұнда жұмыс істегісі келгендер баспана, өз бақытын, жұмысын тапты. Сондықтан Астана әкімдігі Мәдениет және спорт министрлігімен бірге бұл мерекені (Астананың 20 жылдығын - автор.) түрлі шараларға артық шығынсыз, жалтақтамай, әдемі атап өтетіндей бағдарлама жасауы қажет", - деді президенті Қазақстан халықтары ассамблеясының XXVI сессиясында. 

Назарбаев Қазақстанға бірнеше мегаполис қажет екенін атап өтті. Астана - екі миллион тұрығыны бар, Алматы - екі миллион, ал Шымкент миллион адам тұратын қалаға айналады. Оның айтуынша, дәл осындай қалаларда ғылым, мәдениет пен технология дамиды. 

"Астанада өзінің Достық үйі болатын кезі жетті деп ойлаймын. Сондықтан Бейбітшілік сарайын осы мақсатта қолдануға беру керек. Мұнда үш жылда бір рет әлем діндерінің съезі өтеді. Басқа кезде ол Қазақстан үшін орталық Достық үйі бола алады", - деп тапсырды Елбасы. 

Мұның алдында Нұрсұлтан Назарбаев "Астанабасжоспар" ҒЗЖИ" мекемесінде болып, Астананың 20 жылдығын тойлауға қатысты бірқатар тапсырма берген.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети