04 наурыз 2016 | 14:44

Назарбаев: Әйелдер - менің басты тірегім

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз қарсаңында әйелдермен "Көктем шуағы" атты дәстүрлі кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз қарсаңында әйелдермен "Көктем шуағы" атты дәстүрлі кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы әйелдердің баға жетпес рөліне тоқтала келіп, оларға денсаулық, сүйіспеншілік, бақ-береке және табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев биылғы кездесуге түрлі кәсіп иелері қатысып отырғанына назар аударды. "Араларыңызда көпбалалы аналар, бизнес өкілдері, әскерилер, ғалымдар, дәрігерлер, педагогтар, мәдениет пен спорт қайраткерлері, журналистер бар. Әйелдер Тәуелсіздік жылдарының бәрінде менің ең сенімді тірегім болды. 25 жылдағы барлық жетістіктеріміз сіздердің белсене атсалысуларыңыздың арқасында ғана мүмкін болды. Сіздер біздің қоғамдағы бірліктің, жасампаздық пен тұрақтылықтың бейнесіне айналдыңыздар", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті әйелдің басты парызы ана болу екенін атап өтті. "Ананың тәрбиесі мен махаббатын әсіресе бала кезінде көрген адам аман-есен өсіп, жақсы азамат болады. 25 жылда 7 миллиондай кішкентай қазақстандықтар дүниеге келді. Елімізде әрбір сағат сайын 45 немесе жылына 400 мың бала туады. Осының бәрі береке мен ертеңгі күнге деген сенімнің арқасында болып отыр. Қазақстанның болашағы - жаңа ұрпақ.  Биыл мен баланы қорғаудың кепілі ретінде Қазақстандағы бала құқығы жөніндегі уәкіл туралы жарлыққа қол қойдым.  Отбасы күнін мерекелеу және "Мерейлі отбасы" жалпыұлттық конкурсын өткізу дәстүрге айналды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы 1 наурызда "100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын қабылдау туралы жарлыққа қол қойғанын айтты. "Бағдарламада жақсы жаңалықтар аз емес. Мектепте оқытудың мемлекеттік білім стандарттары әлемдік стандарттар негізінде жаңартылады. Әрбір түлек алғашқы кәсіптік біліктілікті тегін игеру мүмкіндігіне ие болады. Біз балаларды мектепке дейінгі оқумен 100% қамтуға ұмтылып отырмыз. Келесі жылдан бастап үш тілді білім беру ісін біртіндеп енгізе бастаймыз. 2020 қарай 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қамтамасыз етіледі. Ғалымдардың болжамынша, 2020 жылға қарай жер жүзіндегі халықтың 50 пайызын «цифрлы балалар» құрайтын болады. Әңгіме мектептерімізді ақпараттандыру туралы болып отыр, 2019 жылға қарай олардың барлығы жылдам интернетке қол жеткізуге тиіс. Ақыры біз Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымымен ықпалдасып жатыр екенбіз, демек осыны да жүзеге асыру керек", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев соңғы 10 жылда бала туғанда берілетін жәрдемақы - 6,3 есе, бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін жәрдемақы 4 есе өскеніне назар аударды. Қазір көпбалалы жарты миллион отбасы мемлекеттік жәрдемақы алып отыр. "Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік келісімшарттар арқылы атаулы көмек беруге 1,5 миллиард теңге бөлінеді. Мен қоғамның, әрбір отбасының амандығы тікелей әйелдің аман-саулығымен байланысты екенін әрдайым айтып келемін", - деді Мемлекет басшысы.

Соңында Қазақстан Президенті әйелдерді келе жатқан мерекемен тағы да құттықтап, олардың барлық бастамаларына табыс, өздеріне мол шаттық тіледі. Сөз алған әйелдер қауымының өкілдері өз жетістіктері туралы әңгімелеп, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттың оң ықпалдарын атап өтті.

Мемлекет басшысы іс-шара барысында көпбалалы ана А.Тоқпановаға "Алтын алқа" тапсырды.

Кездесуге Мемлекеттік хатшы, Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіқалықова, Парламент Сенатының депутаты Б.Әйтімова, Экономикалық интеграция министрі Ж.Айтжанова, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарушы директоры М.Егімбаева, шаруа қожалығының басшысы Т.Құшманова, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры Р.Боранбаева, "Қазақ оюлары" ЖШС директоры Т.Елекбаева, жиһаз фабрикасының басшысы Е.Левина, Қарағанды облысындағы "Мұрагер" мамандандырылған мектеп-интернатының директоры М.Нұрмағанбетова, "Қазақ қызы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қ.Әбден, әнші Т.Жанқұл, "Деловой мир Астана" ЖШС директоры, бас редакторы Ш.Сыздықова, ақын А.Дәулетбаева, көпбалалы ана Ж.Байжолдинова, "Астана Опера" театрының солисі Ж.Ғабдуллина, "Астана Балет" театрының бас режиссері М.Абубахриева, биолог ғалым Д.Қанаева, ауылдық округ әкімі П.Оралбаева, "Отырар сазы" Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің бас дирижері, актриса Д.Тілендиева, зымыранды артиллериялық кеме әскери бөлімінің радио байланысшысы Ж.Ыбыраева, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жөндеу-механика цехының темір кесушісі А.Кенесарина, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданындағы "Жастар бастамасы орталығының" басшысы Е.Данилова, ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген шебері Ж.Жаппарқұл, актриса Д.Бақтыбаева, студент Л.Митрохина қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети