30 желтоқсан 2016 17:54

Назарбаев Бишімбаев жайлы: Әзірше тергеу жүріп жатыр, не күтетінімізді білмейміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Бишімбаевқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу шараларына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Бишімбаевқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу шараларына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында Мемлекет басшысының сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамымен кездесуі түсірілген видео жарияланды. Мемлекет басшысы тергеу шаралары жүргізіліп бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты пікір білдірді.

"Осыған байланысты өздеріңіз білесіздер, бірқатар ауыстырулар болды. Сондай-ақ, ұлттық экомомика министрлігінде де ауыстырулар болды. Оның жағдайын кейін білетін боламыз. Бұрынғы министрдің бұрын жұмыс істеген "Бәйтерек" холдингіндегі қызметіне қатысты бірнеше мәселе көтеріліп жатыр. Тексерулер жүріп жатыр. Тергеулер болып жатыр. Ол жұмыстар аяқталмайынша, ештеңе айта алмаймыз. Бірақ өз ісін білетін жаңа министр тағайындалды", - деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, кеше, 29 желтоқсанда Тимур Сүлейменов ұлттық экономика министрі болып тағайындалған болатын. Оған дейін бұл министрлікті Қуандық Бишімбаев басқарған болатын. Ол бұл қызметте 8 ай ғана болған. Қуандық Бишімбаев ұлттық экономика министрі қызметіне дейін "Бәйтерек" холдингін басқарған. 

17 қарашада "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылары ұсталған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшысының пара алу дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізген еді. Тергеу барысында "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ лауазымды Жақыпов А. (Басқарма төрағасының орынбасары), Айтымбетов Б. (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Сариев Ғ. (басқарушы директор) есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алғаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети