26 сәуір 2017 15:25

Назарбаев Димаш Құдайбергенге бата берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясын Димаш Құдайбергенді құттықтау сөзінен бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясын Димаш Құдайбергенді құттықтау сөзінен бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сессиямыздың басында Димаш Құдайбергенді қабылдап, бастап келе жатқан жолына бата бердім. Батаммен бірге осы жас орындаушыны қазақ халқының қатты жақсы көріп қалғанын айтқым келеді", - деді Президент сессияның ашылуында. 

"Ол денсаулығы мен дарынын сақтап, қазақтың қонақжайлылығына берілмесін, махаббаттан басы айналып кетпесін. Бізде солай болады ғой әдетте", - деп әзілдеді Назарбаев. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, күн тәртібінде "Жаңғырудың негiзi - тұрақтылық, бiрлiк, келiсiм". Шараға 1500-ге жуық адам қатысып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети