25 маусым 2018 12:27

Назарбаев Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Тайып Ердоғанға Түркия Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Тайып Ердоғанға Түркия Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Режеп Ердоғанды Түркия Республикасы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

"Сайлау нәтижелері түрік халқының Сіздің ел басшысы лауазымындағы қызметіңізді жоғары бағалап, жүргізіп отырған саяси және экономикалық реформаларыңызға, сондай-ақ дамудың стратегиялық бағыттарына шынайы қолдау білдіргенін көрсетті.

Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара құрмет пен бауырластыққа негізделген дәстүрлі достық қарым-қатынас екі халықтың мүдделеріне қызмет етіп, болашақта біздің стратегиялық әріптестігіміз сапалы жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанға зор денсаулық, жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас түрік халқына бақ-береке тіледі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Реджеп Тайып Ердоғанның Түркиядағы президент сайлауында жеңіске жеткені жайлы хабарланған болатын.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети