26 мамыр 2020 14:30

Назарбаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараптар бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, зор денсаулық пен толағай табыс, ал бауырлас Қазақстан мен Түркия халқына бақ-береке тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған әлемдегі коронавирус пандемиясы жағдайын талқылап, бұл жаһандық дағдарысты сәтті еңсеру үшін халықаралық күш-жігерді біріктіруді қолдады.

Әңгіме соңында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге қызығушылық білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия тарапы бастамашы болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.02   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети