14 қыркүйек 2021 17:51

Назарбаев Жамбыл облысына барды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elbasy.kz Фото: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті алдымен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Кездесуде Елбасыға әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданы тұрғындарына көмек көрсету шаралары және қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берілген.

"Жамбыл облысының әкімі Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы, сондай-ақ  аграрлық сектордағы мәселелерді шешуге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар туралы баяндады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті өңір басшылығының жұмысына оң баға берді", - делінген хабарламада.  

Кездесуден кейін Елбасы "Әлжан ана" тарихи музейінің қызметімен танысып, мекеме аумағына ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті сондай-ақ ауылдағы Мәдениет үйіне барды. Бұл Мәдениет үйінде кітапхана және түрлі үйірмелер жұмыс істейді, 250 орындық концерт залы бар. Назарбаев Жамбыл облыстық филармониясының артистері мен аудандық Мәдениет үйінің шәкірттері орындаған музыкалық шығармаларды тыңдады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті сондай-ақ спорттық-сауықтыру кешенінің жұмыс барысымен танысты. Аталған кешенде ауқымды арена, әмбебап зал және күрес пен боксқа арналған зал бар. Бүгінде спорттық-сауықтыру кешенінде төрт жүзден астам бала мен жеткіншек спорттың еркін күрес, тхэквондо, каратэ, волейбол, футбол, бокс сынды алты түрі бойынша жаттығады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети