01 желтоқсан 2015 20:53

Назарбаев жаңажылдық бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорданың баспасөз қызметі © Ақорданың баспасөз қызметі

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңажылдық бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы рәсім барысында қатысушылардың барлығын алдағы Жаңа жылмен және елдің бас шыршасы шырағының жағылуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

© Тұрар Қазанғапов

"Жаңа жыл - әсіресе өскелең ұрпақ үшін асыға күтетін айрықша мереке. Жаңа жыл салтанатына дейінгі ай армандаумен және ғажайыпты күтумен өтеді. Барлық қалауларыңыздың орындалуына тілектеспін. Біздің еліміздің мақсаты - Мәңгілік ел болу, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Біз елімізді дамытып, оның халықаралық аренадағы беделін көтеруге ұмтылуымыз керек. Аға буын, соның ішінде сендердің ата-аналарың нақ сол үшін және Қазақстан жастарының игілігі үшін жұмыла еңбек етуде. Біз туған елді, оның астанасын, таулары мен сай-саласын, орманы мен даласын, өзендері мен көлдерін сүйеміз. Осының бәрі - біздің Отанымыз, - деді Қазақстан Президенті.

© Ақорданың баспасөз қызметі

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев баршаға мықты денсаулық, оқу мен еңбекте табыс, игілік және бақ-береке тіледі. 

© Тұрар Қазанғапов

Айта кетейік, мерекелік шоуға 2300-ден астам оқушы және қаланың белгілі  шығармашылық ұжымдары қатысты. Рәсім арқылы бүкіл ел бойынша мерекелік шаралар басталды. 

© Тұрар Қазанғапов

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети