Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 334.32
EUR / KZT - 392.29
CNY / KZT - 50.53
RUB / KZT - 5.63

Назарбаев: Қаржыны қайтарып, Қазақстанда ұстаңыздар

06 Желтоқсан, 13:24
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке отандық компаниялардың қаржысын шетелден қайтару туралы тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Индустриализация күніне орай өткен жиында Елбасы қаржысын шетелде ұстайтын компанияларды қатаң сынады. 

"18 отандық компания 12,5 миллиард долларды шетелде ұстап отыр. "Теңізшевройл" - 4,5 миллиард доллар. "ҚазМұнайГаз" - үш миллиард доллар. "РД "ҚазМұнайГаз" - екі миллиард доллар. "Азиялық газ құбыры" - миллиард доллардан аса. "Бейнеу - Шымкент" газ құбыры - 100 миллион. Осылай кете береді", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев. 

"Үш рет заңдастыру болды, біреуді жазалады ма? Ешкімді. Шетелдегі қаржыдан айырылып қаласыздар, бұл анық емес пе? Санкция кезінде ешкім сіздерге көмектеспейді. Қаржыны қайтарып, Қазақстанда ұстаңыздар. Қандай кепіл керек? Заңдар, жарлық? Жасаймын. Егер өздеріңіз қайтармасаңыздар, өзіміз қайтарамыз. Ренжімеңдер", - деп атап өтті Елбасы. 

Назарбаевтың сөзінше, мемлекет қарамағындағы компаниялар шетелдегі қаржы көлемін жарты жылда екі жүз миллионнан алты миллиард долларға дейін арттырған. 

"Үкіметке акционер ретінде тапсырамын. Шешіңіздер, маған баяндаңыздар. Әрқайсымен сөйлесеміз", - деді президент премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа. 

"Біз қаржыларыңызды тартып аламыз немесе бірдеңе істеп қоямыз дедік пе? Егер қайтармасаңыздар, ескертейін, өзіміз айналысамыз. Бірақ ол кезде сіздер болмайсыздар. Мемлекет осы қаржыны табуға жағдай жасап отыр ғой, ал сіздер Қазақстан ақшасын үкіметтен жасырып отырсыздар ма? Жетер", - деп түйіндеді Назарбаев. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай