1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Назарбаев қазақстандық альпинист Мария Әуезованы қолдайтынын айтты 14 желтоқсан 2021, 11:15

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық альпинист Мария Әуезованы қолдайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық альпинист Мария Әуезованы қолдайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Тұңғыш Президентінің сөйлеген сөзін Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісінде жариялады. Сондай-ақ, кадрларда Әуезованың жаттығу және тауға шығу сәттері, жаңа протез алғаннан кейінгі алғашқы қадамдары көрсетілген.

"Мария, аяғы тізеден жоғары кесілгеніне қарамастан Эверестке шықты, елестете аласыз ба? Қыз жап-жас. Рухы, ерік-жігері қандай. Мен оны қолдадым. Жарайсың, Мария. Сен жастарға үлгісің", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

13 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев пауэрлифтингтен спорт шебері, альпинист Мария Әуезовамен кездесіп, оған мемлекеттік сыйлық табыс етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram