18 желтоқсан 2016 19:52

Назарбаев қазақстандық шаруа Геннадий Зенченконың отбасына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық шаруа Геннадий Зенченконың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық шаруа Геннадий Зенченконың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бұл хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылады.

Жеделхатта ол өмірінің көп жылын ауыл шаруашылығына арнағаны және оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқаны айтылған. Геннадий Зенченко әрқашан тамаша адами қасиеттерімен, жоғары кәсіби деңгейімен, мол тәжірибесімен және өз ісіне деген адалдығымен ерекшеленді.

Оның ерен еңбегі "Қазақстанның Еңбек Ері" жоғары атағымен және басқа да мемлекеттік марапаттармен бағаланды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Зенченконың жарқын бейнесі оны білетіндердің жүрегінде әрдайым сақталатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстандық шаруа Геннадий Зенченконың 79 жасында қайтыс болғаны жайлы хабарланған болатын. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер де бұл мәліметті растады. "Бүгін, 2016 жылдың 18 желтоқсанында таңғы сағат 8-де ұзаққа созылған аурудан кейін қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастарушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, "Зенченко и К" серіктестігінің бас директоры дүниеден озды. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдары жерлеу рәсімімен белсенді түрде айналысып жатыр. Жерлеу рәсімі ертең күндізгі сағат 12.00-де Қызылжар ауданы Новоникольск ауылында өтеді. Жерлеу рәсіміне қатысамын деушілерді Петропавловсктан Новоникольск ауылына жеткіземіз", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети